Среда, 19 августа, 2026
Жаңалықтар

Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

 

Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі Қазақстан Респуликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 жылғы 2  ақпандағы №802 жарлығы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде, Аудандық білім бөлімі 2022-2026 жылдарға арналған жұмыс жоспары негізінде жұмыстар жүргізілуде.

 

Бөлімде, барлық  21  мектепте  «сенім телефоны» үнемі жұмыс жасайды қазіргі уақытта 2025 жылдың 11 ай бойынша хаттар түспеді. Сыбайлас жемқорлық бойынша стенд жасақталып,  қажетті ақпараттар толықтырылып отырылады.

Аудандық білім бөлімі бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізінде жұмыстар жүргізілуде. Оның бір бағыты ретінде қазіргі таңда 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңы негізінде  мемлекеттік қызмет көрсетулер автоматтандырылған электронды түрде жүргізілуде халыққа қызмет көрсету орталығы және egov порталы арқылы құжаттар қабылданады. Аудандық білім бөлімі бойынша жалпы 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 3-азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы, 17-электронды үкімет порталы, 2–мемлекеттік орган арқылы қызмет көрсетіліп келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары білім бөлімінің сайтында орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету бұрыштары жасақталып, жұмыс үздіксіз жүргізілуде.

Ауданның  білім беру ұйымдарындағы қажеттілікті жою мақсатында бос орындар туралы ақпарат  баспасөз беттеріне жарияланып, «Еңбек кз», nobd.edu.kz  жұмысқа қабылдау плотформасында, мектептердің сайттарында, мансап орталығына апта, ай сайын жаңартылып, толықтырылып тұрады.

2024-2025 оқу жылына аудандық білім бөлімі бойынша  қажеттіліктер  педагогті жұмысқа қабылдау https://hr-nobd.edu.kz/ сайтына бос орындар көрсетіліп отыр. Жұмысқа жан-жақтан мамандар орналасты,

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сай, Қарғалы аудандық білім бөлімімен                         «Адал ұрпақ» жобасын іске асыру мақсатында кешенді жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Оқушыларды рухани – адамгершілік және азаматтық – патриоттыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру үшін 2016 жылдан бастап ауданда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп   клубы жұмыс жасайды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп  клубының жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі.

«Адал ұрпақ» жобасы аясында «Адалдық дүкені» акциясы  бойынша  2019 жылдың ақпанынан айында 21 мектепте  ұйымдастырылып, қазіргі күнге дейін қызметін атқарып келеді.

Білім беру ұйымдарында олимпиаданың өту барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, ашықтықты қамтамас  етуды бақылауды жүзеге асырады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы іс-шаралар білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдары оқушылармен тәрбие сағаттарын, жемқорлық туралы сурет көрмелерін, байқауларды, түрлі іс-шараларды ұйымдастырып отырады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында: жадынамалар орналастырылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялар жүргізілді; нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу арқылы қызметкерлердің қолданыстағы заңнамада белгіленген міндеттерді, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауын ішкі бақылау тетігі жетілдірілді; ақшалай қаражаттың толық және сапалы жұмсалуын бақылау жүзеге асырылады; мүлікті пайдаланудың тиімділігін талдау бойынша түгендеу ұйымдастырылады және жүргізіледі. Білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты саясатын түсіндіру мақсатында барлық ақпарат сайттарда орналастырылады.

Мектеп басшылары ата-аналармен және педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмысы жүргізіліп, өздерінің инстаграм парақшаларына ақпараттар жарияланды.

 

Аудандық білім бөліміне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша тәртіптік шараға тартылған қызметкерлер болған жоқ.

 

 

Қарғалы аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Дуйсенова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *