Ашық есік күн өткізді
26 сәуір күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жоспары негізінде «Ақтөбе облысы Білім басқармасының Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік органның қызметімен танысу мақсатында Ашық есік күн өткізді. Аталған іс-шараға ауданның 11 сынып оқушылары шақырылып, білім бөлімінің қызметімен толықтай таныстырылды.Оқушыларға білім бөлімінің мемлекеттік қызмет, әдістемелік кабинет және орталықтандырылған есеп бөлімінің жұмысы көрсетілді. Ашық күн барысында оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.Бүгінгі іс-шараға аудан педагогтарының ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қоғамдық кеңестің және ақсақалдар кеңесінің өкілдері қатысты. Ашық күн іс-шарасы аясында бөлімге жұмысқа орналасу, балалардың құқықтарын қорғау, балабақшаға кезек және басқа да мәселелер бойынша келген аудан тұрғындарының мәселелері қаралып,шешілді.