Суббота, 6 сентября, 2025
«Мектепке жол»

«Мектепке жол»

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін 2025 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды!

Қарғалы аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін орта мектептерде 2025 жылдың 1 тамызынан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биылғы жылы акция «Мейірімді жан» ұранымен ұйымдастырылып отыр. Әрбір Қазақстан азаматы әлеуметтік осал топтағы балаларға мектепке дайындық кезінде қолдау білдіріп, өз азаматтық белсенділігін көрсете алады.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *