«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі»ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ-сі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.-2025ж.- 01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ-нің бөлімінің бас маманы Сарсенбина Дамира Несболлаевна келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 — (7132) 23230.